Nur Otan партиясы: Қоғамдағы бірлікті  сақтауға күш жұмсауымыз қажет

Nur Otan партиясы: Қоғамдағы бірлікті  сақтауға күш жұмсауымыз қажет

Nur Otan партиясы: Қоғамдағы бірлікті  сақтауға күш жұмсауымыз қажет
ашық дереккөзі
256
Сейсенбі күні #NurOtanTrends пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар елдегі саяси өзгерістерге назар аударып, «Қазақстан саясатының жаңа келбеті» тақырыбында әңгіме өрбітті. #NurOtanTrends пікірталас алаңына жиналған сарапшылар еліміздің алдында тұрған қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларға қатысты басымдықтар мен жаңа талаптар жайын талқылады. Өз сөзінде Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының тарихи шешімі ел дамуының жаңа кезеңін бастап бергенін айтты. Соған байланысты ол әр қазақстандықтың елдің болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытуы маңызды екенін жеткізді. «Қазіргідей ел дамуына тікелей әсер ететін оқиғалар кезінде қоғамның ауызбірлігі мен  біртұтастығын сақтау өте маңызды. Сондықтан осындай кезеңде  қазақстандықтар жұдырықтай жұмылып, әр азамат өз жауапкершілігін түсініп әрекет етуі керек. Өйткені мұндай жағдайды өзінің жеке мүдделеріне  пайдаланып, ел арасына іріткі салуды көздейтін кейбір күштердің бар екені белгілі. Сондықтан әрқайсымыз еліміздің болашағына жауапкершілікпен  қарап, қоғамдағы бірлік пен берекені сақтауға күш жұмсауымыз қажет», – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Елбасы саясатын одан әрі жалғастырудың маңызы мен Тұңғыш Президентіміз анықтап берген жолдың басымдықтарына тоқталды. «Елбасы саясатының негізінде еліміздің жаңа кезеңімен бірге болашағы үшін де аса маңызды мақсаттар мен құндылықтар бар. Атап айтқанда, тәуелсіздік пен  мемлекеттілікті күшейту, елімізде кәсіпкерлікті дамыту, жекеменшік иелеріне қолдау көрсету, тиімді әлеуметтік саясатты іске асыру, бейбітшілік пен келісімді сақтау және ең дамыған елдердің қатарына қосылуға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыру сияқты басымдықтар Елбасы саясатының негізі болып саналады. Бұл құндылықтар мен мақсаттар  біркүндік емес. Өйткені олар біздің болашағымызды айқындайтын сипатқа   ие. Сондықтан қазіргідей тарихи кезеңде Тұңғыш Президентіміздің елімізді  одан әрі дамытуға бағытталған стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыруға әр азамат өз үлесін қосуы керек», – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары. Жиын барысында Елбасының Қауіпсіздік Кеңесі мен Nur Otan партиясының Төрағасы болып қала беруі аталған саяси институттардың рөлін одан әрі күшейтетіні де айтылды. Бұл жөнінде Мәулен Әшімбаев  партияның халықтың бірлігін сақтап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жолын жалғастырудағы жауапкершілігі арта түскенін айтты. «Елбасымыздың аталған құрылымдардың төрағасы болып қалуы бұл институттардың жауапкершілігін арттыра түседі. Nur Otan партиясы осы жауапкершілікті  сезіне отырып, еліміздегі барлық саяси күшпен әріптестік орнатуға дайын. Біз әр тараптың ұстанымына құрметпен қарап, елдік мүдде жолында бірлесіп  жұмыс істеу үшін өзіміздің барлық алаңдарымызды пайдалануға дайынбыз. Қажет болса, жаңа алаңдарды да іске қосамыз. Біздің басты мақсатымыз –   Елбасының экономикалық, саяси, әлеуметтік саладағы жаңғыру бағытын   жүзеге асырудың тиімді тетіктерін пысықтау. Сондықтан партиямыз барлық   мүдделі топпен жұмыс істеуге дайын», – деді Мәулен Сағатханұлы. Айта кетейік, отырыстың модераторлық міндетін әдеттегідей «Talap» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев атқарды. Ал қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Санат Көшкінбаев және Nur Otan партиясы жанындағы Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары Евгений Кочетов пікірталасқа атсалысып, тақырыпқа байланысты өз пікірлерін білдірді.

Серіктес жаңалықтары