320
Жедел жәрдем кешіккенде не істеу қажет?
Жедел жәрдем кешіккенде не істеу қажет?
Жедел жәрдем шақырғанда секунд сайын тықыршып мазасызданатынымыз рас. Он минуттың өзі өтіп болмай жатып, 103 нөмірін қайта-қайта теріп, диспетчерге шүйлігеміз... Бұл жағдай бәрімізге таныс болса керек. Ет пен сүйектен жаратылған адам болған соң «бас ауырып, балтыр сыздамай» тұрмайтыны белгілі. Ал, шын мәнінде жедел жәрдем қызметі де белгілі бір стандарттар бойынша жұмыс істейді.
«Жыл сайын қыркүйек-қараша аралығында емханаға тіркеу науқаны өткізіледі. Соңғы екі жылда дәстүрлі кампанияны Медициналық сақтандыру қоры өткізді. Жалпы, біз тұрғындарды үйге жақын маңдағы емханаға тіркелуге шақырамыз. Оның бір себебі осы жедел жәрдемге байланысты. Біріншіден, бұл үйде кішкентай бала немесе қарт кісілер ауырып қалған жағдайда дәрігер шақыруға ыңғайлы. Екіншіден, жедел жәрдем саласындағы соңғы реформаларға байланысты 4-ші санаттағы шақыртулар бойынша жергілікті емханалар қызмет көрсетеді», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Забира Оразалиева.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүйесін реформалауға кіріскен болатын. Аталған реформа бойынша жеделдігі жағынан 4-ші санатқа жататын шақыртулар жергілікті емханаларға берілді. Бұл туралы толық мәліметті Медициналық сақтандыру қоры дайындаған инфографикалардан алуға болады.