EURONEWS: Венгрияда мемлекеттік қызметкерлер ереуілге шықты

EURONEWS: Венгрияда мемлекеттік қызметкерлер ереуілге шықты

EURONEWS: Венгрияда мемлекеттік қызметкерлер ереуілге шықты
ашық дереккөзі
264
Үкімет тарапынан жалақы мен жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен венгриялық қызметшілер ереуілге шықты. Мемлекеттік қызметкерлердің мүддесін қорғайтын жергілікті кәсіподақ ұйымы билікке 12 талап қойып, қызметкерлердің тілегі толығымен қанағаттандырылмайынша ереуілдің тоқтатамайтындығын айтты. «Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өте төмен. Мысалы 37 жылдық еңбек өтілі бар қызметкер айына 400 евродан (170 748 теңге ред.) аз алады», – дейді мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының төрағасы Эржебет Борос. Ереуілге шыққан қызметкерлер саны 7500-ге жуық. Кәсіподақ мүшелері бұл жолғы ереуілді алда ұйымдастырылатын үлкен ереуілге дайындық дейді. 1 мамыр – Еңбек күнінде Венгрияның мемлекеттік қызметкерлері жаппай наразылық акциясын өткізбек.

Серіктес жаңалықтары