592 ШАҚЫРЫМ ЖАҢА ЖОЛ САЛЫНДЫ

592 ШАҚЫРЫМ ЖАҢА ЖОЛ САЛЫНДЫ

592 ШАҚЫРЫМ ЖАҢА ЖОЛ САЛЫНДЫ
ашық дереккөзі
363
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бaғдaрламасы – ұлттық экономиканың негізгі қозғалтқыштарының бірі. Бұл тек қазіргі заманғы магистралдардың пайда болуы ғана емес, сондай-ақ, еліміздің ЖІӨ-нің өсуі, жаңа жұмыс орындары мен транзиттік жүк ағынының артуы. Бұл тұста заманауи әрі сапалы автокөлік жолдарының құрылысына басты назар аударылған. 2018 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау бойынша 24 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде келесі бағыттар бойынша жол қозғалыстары ашылды: Орталық-Шығыс – 243 шақырым, Орталық-Оңтүстік – 30 шақырым, Орал-Каменка – 35 шақырым, Бейнеу-Ақжігіт – 85 шақырым, Алматы-Талдықорған (Сарқанды айналып өту) – 16 шақырым, Қордай айналма жолы – 19 шақырым, Астана-Петропавл-РФ шекарасы (Қорғанға қарай) – 25 шақырым, Щучинск-Зеренді – 30 шақырым, Талдықорған-Өскемен – 20 шақырым, Қалбатау-Майқапшағай – 9 шақырым, Астананың оңтүстік-батыс айналма жолы – 6 шақырым. Сонымен қатар, Орал-Каменка – 73 шақырым, Қордай айналма жолы – 40 шақырым, Бейнеу-Ақтау – 60 шақырым, Қапшағай-Талдықорған – 40 шақырым жобалары бойынша жұмыс толық аяқталды. Жалпы, өткен жылы бағдарлама аясында барлығы 592 шақырым жол салынды. Сондай-ақ, 2018 жылы жалпы ұзындығы 471 шақырым болатын Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай және Алматы – Қорғас учаскелерінде төлем алу жүйесін салу бойынша жұмыстар аяқталып, сынақтық жүйеге көшірілді. Қазіргі уақытта  Батыс Еуропа – Батыс Қытай жобасы аясында Түркістан облысында туннель салынуда. Жалпы, бағдарлама аясында 7 мың шақырымнан астам республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және 10 мың шақырымнан астам жолды жөндеу көзделген.

Серіктес жаңалықтары