Қазақстанда АЭС салу ұсыныс қана

Қазақстанда АЭС салу ұсыныс қана

Қазақстанда АЭС салу ұсыныс қана
ашық дереккөзі
226
9 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде «Қазақстанда АЭС салу» тақырыбы қызу талқыға түсіп жатыр. Қазақстан АЭС салуға шешім қабылдаған жағдайда Алматы облысында атом электрстанциясын салуға арналған жер де белгілі болған. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев: «Алаң Алматы облысы Үлкен ауылы болып таңдалды. Бізде АЭС құрылысы бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Біз әзірше алаңды анықтадық, біз ең қолайлы технологияны таңдаймыз. Сөйлейтін боламыз», – деген еді. Ол сондай-ақ: «Бұл қосымша зерттеуді талап ететін мәселе. Кез келген жағдайда, біздің Ресеймен ұзақ мерзімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастығымызды ескере отырып, уран өндіруге байланысты жалпы жобалар... Бұл күн тәртібіндегі барлық мәселе. Сондықтан біз осы мәселені зерттеуді жалғастырамыз. Бірақ АЭС құрылысы бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ", – деді. Солай бола тұра қоғам белсенділері «бұл түйткілдің алдын алу керек» деп әлеуметтік желілерде наразылық білдірді. Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер барысында Мәскеудің Нұр-Сұлтанға атом электрстанциясын салуға ұсыныс тастағанын хабарлады.  «Өзара іс-қимылдың жаңа түрлеріне көшуді ұсынамыз. Ең алдымен Қазақстанда ресейлік технологиялар бойынша АЭС салу мүмкіндігін ескеремін», – деді РФ президенті. Путин өзінің алғашқы ресми шетелдік сапарымен Ресейге келгені үшін Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, келіссөздер Нұрсұлтан Назарбаев кезінде қалыптасқан дәстүрге сәйкес өткенін атап өтті. Қоғамда осы тақырып қызу талқыланғаннан кейін бе Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді. Президент Телерадиокешеніне берген сұхбатында: «Қазір қоғамда осы мәселе туралы қызу пікірталас жүріп жатқанын түсінеміз. Әрине, Семей ядролық полигонына байланысты қорқыныш туып жатыр. Зардап шеккен халық ол оқиғаны ұмытқан жоқ. Сондай шешім қабылданып жатса, барлығы заң бойынша қабылданады. Қандай жағдай болсын халық пікірі ескеріледі. Себебі қоғамдық тыңдалымдар өтеді. Жергілікті атқарушы органдармен кеңес өткізіледі. Владимир Владимирович Путиннің айтқаны – ресейлік тараптың қалауы ғана. Біз осы мәселе жайлы халыққа айтып отырамыз, барлығы үкімет басшылығының, сондай-ақ, Мемлекет басшысының бақылауында болады», – деді министр. Еске салайық, осыған дейін Алматы облысында АЭС құрылысына арналған жердің анықталғаны жайлы хабарланған болатын.  Алаң Алматы облысы Үлкен ауылы болып таңдалған. Бірақ АЭС құрылысы бойынша әлі шешім қабылданған жоқ.

Серіктес жаңалықтары