323
БІЗГЕ АЙҚЫНДЫҚ ҚАЖЕТ
БІЗГЕ АЙҚЫНДЫҚ ҚАЖЕТ
Еліміз тағы бір шешуші кезеңге аяқ басқалы тұр. 9 маусым күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтпек. Бұл жауапты шешім туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуір күнгі Үндеуінде жариялады.
Өздеріңізге мәлім, қазір әлемдегі ахуал бұлыңғыр. Біз тез өзгеретін әлемде өмір сүрудеміз. Өзгеру үрдісі біз ойлағаннан да жылдам. Ендеше, қазақстандықтар саяси ерік-жігері мен болашаққа деген сенімін нығайта түскендері абзал. Президент атап өткендей, елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет.
Ішкі және сыртқы саясаттағы тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек. Біз осыған дейін бірнеше сайлауды таза, ашық әрі әділ өткіздік. Демократиялық мемлекет ретінде Президент халықтың таңдауымен сайланды. Ендеше, тағы бір саяси қадамға ел болып бірлігімізді танытып, азаматтық құқығымызды білдіріп, барынша жауапкершілікпен қатысайық.
Дариға Исмағамбетова,
Партияның Ақтөбе облыстық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары