АРДАГЕРЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕРЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

АРДАГЕРЛЕРГЕ  КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ашық дереккөзі
437
  Ақтөбе облысындағы жас партиялықтар жалғызбасты 42 қарияға тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді. Бұл жолы олар Қобда ауданының тұрғыны, зейнеткер Лидия Парфенованың ауласын тазалап берді. Лидия Парфенованың он екі жасында оның отбасы Қытайдан қоныс аударған. Бірнеше жыл жұмыспен қамту бөлімінде инспектор, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бері зейнеткерлік демалыста. Ол қазір жалғыз өзі тұрады. Жолдасы осыдан 12 жыл бұрын қайтыс болған. «Жиенім қалаға көшіріп алғысы келеді. Алайда өскен ауылымды қимаймын. Мұнда көршілерім келіп тұрады, өзім де оларға жиі барамын. Олар өте жақсы, қайырымды. Жасотандықтар да мені ұмытпайды, үй шаруашылығына көмек көрсету үшін үнемі бас сұғады. Бір сөзбен айтқанда жақсы адамдардың арқасында жалғыздығым сезілмейді. Ал қалаға барсам, төрт қабырғаға телміріп қаламын ба деп қорқамын», – дейді әжей. Аудандық мәслихаттағы Nur Otan фракциясы мүшесі Айболат  Борамбаев зейнеткерді сәуір айында өткен туған күнімен құттықтап, сый-сияпат жасады. Содан соң «Қобда көпсалалы колледжі» бастауыш тобының қызметкерлері мен жасотандықтар әжейдің ауласын тазалап шықты. Бау-бақша орнын қопсытып, гүлзардағы арам шөптерді жұлды. Жаңбыр суы жиналмас үшін дуалдың сыртын тегістеді. Тазалық жұмыстарынан кейін ардагер жастармен сұхбаттасты. Өз өмірінен қызықты әңгімелер айтып,  белсенді жастарға батасын берді. «Біз соғыс және тыл ардагерлерін, жалғызбасты зейнеткерлерді қамқорлығымызға алдық. Қыста қар аршып, мұз ойсақ, көктемде аула тазалап, бау-бақша егуге көмектесеміз. Өзім жыл басынан бері 3 үйге барып, аулаларын қардан тазарттым. Нағашы ата-әжем, ата-анам үлкенге құрмет көрсету – жас ұрпақтың парызы екенін үнемі айтып отырады»,  – дейді «Жас Отан» ЖҚ мүшесі Әнуар Қалыбек.

Серіктес жаңалықтары