339
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бақытты отбасы» жобасының қолға алынғаны белгілі. Аталған жоба көптеген жанұяға қуаныш сыйлап үлгерді. Осындай мейірімділікке толы іс-шаралардың бірі Таран ауданында жалғасты.
Таран ауданындағы шаруа қожалықтың басшысы Красносельский ауылынан әлеуметтік аз қамтылған отбасыға жеке үй алып берді. Баспаналы болу бақыты Азацкаялардың отбасына бұйырды. Жергілікті кәсіпкердің бұл отбасыға 4 бөлмелі үйдің кілтін табыс етуі тосын сый болды. Адамгершілік танытып, шаңырақтары шаттыққа кенелген көпбалалы отбасы жомарт адамға алғыс білдірді. «Бізге көмек көрсеткендері үшін рахмет айтамыз. Бұған дейін басқа ауылда баспана жалдап келдік. Әрі балаларға мектепке қатынау қиын
болатын. Біздің мәселемізге бейжай қармағандары қуантады. Мұндай үйге қол жеткіземіз деп ешқашан ойлаған жоқпыз», – дейді көпбалалы ана Марина Азацкая.
Осыдан бірнеше апта бұрын көпбалалы ана тұрғын үй мәселесімен Nur Otan партиясының қоғамдық қабылдауына келген. Әлеуметтік көмекке зәру жандарға кәсіпкерлер барынша қолдау көрсетуде. Бұл жолы «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Әділет» серіктестігі жомарттық танытты.
Айта кету керек, баспанаға мұқтаж болған жанұя аудандық Nur Otan партиясының филиалына жүгінген еді. Бүгінде нақты жүзеге асып жатқан «Бақытты отбасы» және «Халыққа көмек» партиялық жобалары көпшілікке қуаныш сыйлауда. Жылы әрі жайлы баспанада көпбалалы отбасы бақытты өмір сүретініне еш күмән жоқ. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында жасалатын игі істер одан әрі жалғаса бермек.