328
Айға ұшқан "Берешит"
Айға ұшқан "Берешит"
BBC: Израильдің Айға ұшырған алғашқы аппараты «Берешит» Жердің табиғи серігіне қонарда сәтсіздікке ұшырады.
Аппарат Фалкон-9 зымыранының көмегімен 22 ақпан күні ұшырылған. Ол бұған дейін Айға жіберілген аппараттардың ішіндегі ең шағыны: диаметрі 2 метрге жуық, салмағы 600 келі.
Аппарат Айға Израильдің тәуелсіздік туралы декларациясын, гимнін, әртүрлі фотосуреттерді де жеткізді. Израильдің қазіргі премьер-министрі Биньямин Нетаньяху аппараттың сәтсіздікке ұшырағаны туралы пікірін білдіре отырып, Израиль бірнеше жылдан кейін Айға аппарат ұшыруға қайта кірісетінін жеткізді. «Егер алғашқыда сәтсіз болса, кейін тағы да әрекет етіп көреміз», – деді премьер.
Айта кетейік, Израильдің аппараты жекеменшік қаражат есебінен ұшырылған. Оның бюджеті де осыған ұқсас басқа жобаларға қарағанда әлдеқайда ықшам: 100 млн доллар.