Ақтау: Президент сапарының сыры

Ақтау: Президент сапарының сыры

Ақтау: Президент сапарының сыры
ашық дереккөзі
421
12 cәуір – «TÚRKISTAN» weekly. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына барды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.   width= Сапар барысында Мемлекет басшысына Ақтау теңіз портының қазіргі жұмыстары, Каспий теңізі арқылы өтетін жүк тасымалын арттырудың перспективалары, сондай-ақ Ақтау қаласындағы шипажай аймағының инфрақұрылымын дамыту жөнінде мәлімет берілді.  width=
Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік міндеттерді толыққанды орындауға, соның ішінде жүк тасымалы операцияларын жүргізуге, кемелерді айлаққа қоюға және қызмет көрсетуге септігін тигізетін порттың техникалық мүмкіндіктерімен танысты.  width= Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Ақтау халықаралық теңіз сауда портының жаһандық көлік дәлізінің қиылысында орналасуы, жылына 17,7 миллион тонна құрғақ жүктерді, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға мүмкіндік беретінін баяндады.  width= Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне «Маңғыстау» зымыранды-артиллериялық кемесі көрсетілді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-теңіз күштерінің арнайы техникасымен, қару-жарақтарымен және киім үлгілерімен танысты.  width=  

Серіктес жаңалықтары