334
ҚазҰУ-да алма бағы ашылды
ҚазҰУ-да алма бағы ашылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Наурыз мейрамын зор ықыласпен атап өтті! Дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар өкілдерімен бірге алма бағы отырғызылды. Ауқымды шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдық және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі ережелеріне арналды.
«Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны», - деп Тұңғыш Президент Н. Назарбаев атағандай, символикалық негізде мереке алма бағын отырғызудан басталды. Оған Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, ардагерлер мен әр жылдардағы түлектер, масс-медиа өкілдері, оқытушылар, студенттер және олардың ата-аналары қатысты. Олар түрлі сұрыптан 300-ден астам алма ағаштарын, сондай-ақ кампус аллеясында бағалы және сәндік ағаштарын отырғызды.
[gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvNjE4OTEuanBnIiwidGl0bGUiOiI2MTg5MSIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvNjE4ODcuanBnIiwidGl0bGUiOiI2MTg4NyIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvMTY1NzFfbGFyZ2UuanBnIiwidGl0bGUiOiIxNjU3MV9sYXJnZSIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvNjE4OTMuanBnIiwidGl0bGUiOiI2MTg5MyIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvNjE4OTUuanBnIiwidGl0bGUiOiI2MTg5NSIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvNjE4OTYuanBnIiwidGl0bGUiOiI2MTg5NiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvNjE4OTQuanBnIiwidGl0bGUiOiI2MTg5NCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNFwvNjE4OTIuanBnIiwidGl0bGUiOiI2MTg5MiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9"]
ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов университеттің студенттері мен шығармашылық ұжымы дайындаған театрландырылған қойылымды аша отырып, Наурызды халықаралық деңгейде атау жақсы дәстүрге айналғанын атады. «Біз мерекемізді «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту көлемді бағдарламасының екі жылдығына арнадық және оны жаңа жетістіктермен қарсы алып отырмыз. ҚазҰУ Қазақстанның жоғары білім беру флагманы ретінде әлемдік санаттағы зерттеу университетіне айналу жолында сенімді қадам басып келеді. Университет 4.0 моделін сәтті жүзеге асыра отырып, мыңдаған ұжым жоғары нәтижелерге, соның ішінде халықаралық деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізеді», - деді ректор қонақтарды қарсы ала. Ол барлығына көктемгі және мерекелік көңіл-күй, амандық, жұмыста және оқуда табыс тіледі.
Студенттер сарайының алдында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының желісінде музыкалық-театрландырылған қойылым болды. Университеттің шығармашылық ұжымы қазақ даласындағы ұлы жетістіктерді көрсетті, атап айтар болсақ атта жүру мәдениеті, ежелгі металлургия және аң стилі, Алтын адам және Ұлы Жібек жолы, Қазақстан түркі әлемінің бесігі – ұлы ойшылдар мен ғалымдарды және алма ағаштары мен қызғалдақтар отаны атты қойылымдар шеруі көрсетілді. Жиналған көпшілік қауымға «Тұсау кесер», «Шашу», «Қыз ұзату», және т.б. қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері көрсетілді. Осынау бір керемет қойылым керуен шеруімен және Қыдыр-атаның бата сөздерімен аяқталды!
Кампус аумағында 25 киіз үйден этноауыл құрылды. Мереке қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татты, киіз үйлерді аралады, алтыбақанда тербелді. Шағын ауданның қонақтарына 500 кг. бауырсақ, 200 кг. палау және 700 литр наурыз көже дайындалды. Ұлдар мен қыздар ұлттық әндер айтудан жарысты, музыкалық аспаптарда ойнап, ән шырқады. Сонымен қатар күшті әрі батыл жігіттер ұлттық спорт түрлеріне қатысып, өз бақтарын сынап көрді. Сондай-ақ қолданбалы өнер шеберлерінің туындылары, кәдесыйлар мен кітап жәрмеңкесі де жұмыс жасады.