Шенген визасын алу тәртібі өзгертілді

Шенген визасын алу тәртібі өзгертілді

Шенген визасын алу тәртібі өзгертілді
ашық дереккөзі
614
Еуропа парламенті Еуропалық одақтың жаңа визалық кодексін бекітті. Құжат ЕО-ға кірмейтін 100-ден астам мемлекеттің азаматтарына виза беру тәртібі мен шарттарын реттемек. «Еуроодақ қысқа мерзімді визаларға өтінім жолдау және оларды беру процедураларын жеңілдетеді, сондай-ақ ЕО-ға кірмейтін елдермен миграция саласындағы ынтымақтастыққа түрткі болуы үшін өзінің виза саясатын пайдаланатын болады», - делінген Еуропарламент хабарламасында. Атап айтқанда, өзгерістер 90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарларға қатысты. Бұл ретте, адал ниетті саяхатшылар үшін процедуралар жеңілдейді. Жаңа ережеге сәйкес, виза алуға өтініш сапар жоспарланған күнге дейін алты ай ішінде (қазіргі үш айдын орнына) және кем дегенде 15 күн бұрын берілуі тиіс. Ал теңізшілер тоғыз ай бұрын да тапсыра алады. Бұдан бөлек, визаның құны 60 еуродан 80 еуроға қымбаттады. Дегенмен, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен 6 жасқа дейінгі балаларға жеңілдіктер қарастырылған. Ғалымдар мен студенттер бұрынғыша визалық алымнан босатылған. Виза алымының мөлшері, өтініштер бойынша шешім қабылдау уақыты, визаның бірнеше рет кіруге жарамды болатын уақыты сияқты кейбір ережелер ЕО мен әріптес мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың деңгейіне қарай әркелкі болуы мүмкін. Жаңа ережені ЕО Кеңесі бекітуі тиіс. Одан әрі ЕО-ның ресми журналында жарияланғаннан кейінгі алты айдан соң күшіне енеді. Қазіргі кезде Шенген аймағына кіру үшін 100-ден астам елдің азаматтарына виза ресімдеу қажет. Соңғы бірнеше жылда виза алуға тапсырылған өтініштердің көлемі 50% артқан. Атап айтқанда, 2009 жылы 10,2 миллион өтініш берілсе, 2016 жылы олардың саны 15,2 миллионға жеткен. Айта кетейік, Еурокомиссияның деректері бойынша, Еуропа елдерінің экономикасында туризм индустриясы маңызды рөл атқарады. ЕО жалпы ішкі өніміндегі туризмнің үлесі шамамен 10%.

Серіктес жаңалықтары