273
Конго: 140-тан астам жолаушы із-түссіз жоғалған
Конго: 140-тан астам жолаушы із-түссіз жоғалған
Конго Демократиялық Республикасының шығысында суға батқан қайықтың 140-тан астам жолаушысының тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.
Ел президенті Феликс Чисекеди аталған оқиға салдарынан кем дегенде 13 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиға дүйсенбі күні Киву көлінде болған. Апаттың негізгі себебі – оған тиелген жүк салмағының артық және адамдар санының шамадан тыс көп болуы.
Мұндай оқиғалар КДР-да көп қайталанып тұрады. Себебі жергілікті теңіз тасымалымен айналысатындар көбінесе қарапайым қауіпсіздік талаптарын елеусіз қалдырады. Олар тозығы жеткен кемелерді пайдаланып, рұқсат етілген шамадан көп жолаушыларды тасымалдайды. Сондай-ақ, борттағы құтқарушы жейделер саны адам санынан аз болады