Инклюзивті білім беру сапасы бақыланады

Инклюзивті білім беру сапасы бақыланады

Инклюзивті білім беру сапасы бақыланады
ашық дереккөзі
1206
Алматы қалалық Nur Otan партиясының өкілдері мегополистегі инклюзивті білім беру сапасын тексеру мақсатында арнайы рейдтерге шығуды қолға алды. Жуырда олар қаладағы №75 мектепте болды. 800-ге жуық бала оқитын білім ошағында 15 оқушы инклюзивті білім алады. «Денсаулығына байланысты бұрын үйде оқитын балалар, енді өзге оқушылармен тең дәрежеде мектепте білім алып, ортаға бейімделіп келеді», - дейді мектеп директоры. Сәуір айының алғашқы күндерінен бастап қаладағы 130-дан астам инклюзивті білім беретін мектептердің жұмыс сапасы тексерілген. «Әзірге оларда кемшіліктерді байқамадық», - дейді партия өкілдері. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің барлық білім ордаларында пандустар орнатылып, инклюзивті мектептерде логопед, деффектолог, психолог және әдіскер мамандардың жұмысы жанданып келеді. «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында қолға алынған шара осы айдың соңына дейін жалғасады. Nur Otan партиясы АҚФ Алмалы аудандық саяси кеңес мүшесі Анарбек Нұрымбетов: «Кедергісіз келешек» бағдарламасы бойынша барлығы орындалып жатыр. Енді бұл жерде қандай кемшіліктер болатын болса, олқылықтар болатын болса, оның барлығын тізіп, соңында қалалық Nur Otan партиясына береміз. Сол кемшіліктерді түзетуге атсалысамыз. Себебі бұл болашақ біздің жас балаларымыздың тағдыры», – дейді.

Серіктес жаңалықтары