Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдады

Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдады

Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдады
ашық дереккөзі
317

Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдады А.Мырзахметов кездесу барысында Елбасыға Саяси кеңестің соңғы Бюро отырысында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ партияның негізгі бағдарламалары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мәселелердің көптігіне байланысты келесі жылы «Нұр Отан» партиясының алдында ауқымды жұмыстар тұрғанын атап өтті. Мен бастамашылық еткен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында сексенге жуық заң қабылданады. Келесі жылдың басынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісеміз. Осыған байланысты партияның алдында өте үлкен жұмыстар тұр, – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы сондай-ақ әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отырып, алдағы реформалардың маңыздылығын айтты. Әлемдегі жағдай қазір күрделі, біздің төңірегіміздегі ахуал да оңай емес. Осының бәрі бізге ықпал етпей қоймайды. Болып жатқан оқиғаларды назарға ала отырып, осы мәселелерді халыққа түсіндіру керек. Осындай қиын кезеңде бізге күрделі реформаларды жүзеге асыруға тура келеді. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалуда. Қазіргі жағдайдың қиын екеніне қарамастан, реформаларды жүзеге асыру болашақтағы игіліктің негізін қалау үшін қажет. Алдағы реформалар күрделілігі жағынан біздің 90-жылдардың басында жүргізген реформаларымыздан кем түспейді. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясына барша түсіндіру жұмыстарын өз мойнына алуды тапсырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Серіктес жаңалықтары