7285
Демократиясы дамыған10 мемлекет
Демократиясы дамыған10 мемлекет
Мемлекет Индекс
1. Норвегия 9.87
2. Исландия 9.58
3. Швеция 9.39
4. Жаңа Зеландия 9.26
5. Дания 9.22
6. Ирландия 9.15
7. Канада 9.15
8. Финляндия 9.14
9. Австралия 9.09
10. Швейцария 9.03
Economist Intelligence Unit 2007 жылдан бастап демократия деңгейі бойынша әлемнің 167 еліне сараптау жүргізіп келеді. Бұл рейтингті британдық агенттік төрт негізге сүйене отырып жасайды: толыққанды демократия, жетілдірілмеген демократия, өтпелі кезеңде тұрған елдер және авторитарлы режим ұстанатын елдер.
2018 жылғы сараптама қорытындысы бойынша көш басында Солтүстік Еуропада орналасқан, халқының саны 5,3 миллион Норвегия тұр. Бұған қоса, Норвегия – ЖІӨ-сі жоғары, денсаулық сақтау саласы жетілдірілген, адами капитал сапасы мықты және сыбайлас жемқорлықты жеңе білген әлемдегі ең дамыған елдердің бірі. Қазақстан бұл рейтингте көрші Ресеймен бірге 144 орынды еншілеген. Ал кестедегі ең соңғы орындарды Конго Демократиялық Республикасы, Сирия және Солтүстік Корей Халық Демократиялық Республикасы алды.
Британдық сарапшылардан бөлек, әр елдегі демократия деңгейін АҚШ-тық Freedom House үкіметтік емес ұйымы да шығарды. Америкалық рейтинг те британдық демократия көрсеткіштерінен алшақ емес.
Freedom House агенттігінің зерттеуінше, Эстония демократиялы мемлекет. Онда демократиялық институттар дамыған, саяси құқық пен адам құқықтары тиісінше қорғалады. Сондай-ақ, Эстония саяси партияларды еркін құра алады, билік бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет қызметін шектемейді және оппозиция билікке оңай келе алады. Дегенмен, Эстония орыс тілділер мен эстон тілділердің этникалық шиеленісін шеше алмай отыр. Халқының 7 пайызы – орыс тілді және олар әлі күнге дейін елдің азаматтығын алмаған, сондықтан олар саясатқа араласа алмайды және мемлекеттік қызметке оңайлықпен қабылданбайды.
Сондай-ақ, салыстырмалы кестеде денсаулықты сақтау саласына Молдова мен Армения демократиялы мемлекеттер көшін бастап тұрған Норвегиядан да көп қаражат бөлетінін байқауға болады. Десе де, Армениядағы жұмыссыздық деңгейі өршіп тұр екен – 18,0 пайыз. Жұмыссыздары көп ел қатарында Грузия (11,8 пайыз) мен Украина да (9,3 пайыз) бар. Ең қызығы, жұмыссыздық деңгейінің төмендігі бойынша Норвегияны (3,8) Тәжікстан (3,4) басып озыпты.
Аяулым Салықжанова