2152
Көктемгі Үлкен Алматы көлі
Көктемгі Үлкен Алматы көлі
Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.