Белдесуден республикалық турнир өтпек

Белдесуден республикалық турнир өтпек

Белдесуден республикалық турнир өтпек
ашық дереккөзі
268
25-26 мамыр күндері Алматы қаласында белдесуден республикалық турнир өтеді. Еліміздің барлық өңірінен қатысатын 1000-ға жуық балуандар үшін 20 млн жүлде қоры бекітіліп отыр. Бұл туралы Алматыдағы «Сұңқар» кешенінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Екінші рет өткелі отырған турнир «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұлттық спорттық дамыту мақсатында ұйымдастырылуда. «2018 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде белдесу ұлттық спорт түрі ретінде танылды. Былтыр бірінші турнирде көрермендеріміз аз болғандықтан, олардың саны тиісті дәрежеге жетеді деген мақсатпен көрермендер арасында автокөлік ойнатылуы – биылғы турнирдің басты ерекшелігі. Сондай-ақ, жаттықтырушыларға арнайы сыйақы тағайындалып отыр. Жарысқа 18 бен 50 жас аралығындағы салмағы 70 келіден асатын Қазақстанның азаматы қатыса алады», – деді ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Бақдәулет Сәбитов. Жарыс Қазақ күресі федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес және олимпиадалық жүйе бойынша өткізіледі.  

Серіктес жаңалықтары