663
ОТЫРАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
ОТЫРАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының» қызметкерлері іс-сапармен қонаққа келді.
Отырар қорғанына 800 жыл толуына орай «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» тақырыбында құрылған жылжымалы көрмесінің ұлы ақынның музейінде салтанатты ашылуы өтті.
[gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNVwvRFNDXzAyMDYuanBnIiwidGl0bGUiOiJEU0NfMDIwNiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wNVwvRFNDXzAwNzYuanBnIiwidGl0bGUiOiJEU0NfMDA3NiIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9"]
Шараның алғы сөзін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Ерлан-Бек Мейрамхатұлы сөйлеп, Отырар музейінің бас қор сақтаушысы Ералы Төлендіұлы көрме барысымен таныстырды. Айта кететін жайт, көрме төрт бөлімнен тұрады. Көрмеге Отырар қорғанынан табылған көне заттардың 200 түрі қойылған.
Сондай-ақ, салтанат соңы әсем әнмен түйінделіп, көрмеге экскурсия жүргізілді. «Қамалы бекем, халқы қайсар – Отырар» көрмесі Абай музейінде бір ай бойы келушілер назарына ұсынылады.