Алматыда бірыңғай жиынтық төлемді 1574 адам төлеген

Алматыда бірыңғай жиынтық төлемді 1574 адам төлеген

Алматыда бірыңғай жиынтық төлемді 1574 адам төлеген
ашық дереккөзі
240
Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша бірыңғай жиынтық төлемді 1574 адам төлеген. Олардан сақтандыру қорына түскен қаражат мөлшері шамамен 2 млн 317 мың теңгені құрап отыр. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы хабарлады. Естеріңізге сала кетсек, бірыңғай жиынтық төлем елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Жиынтық төлемнің ішінде өзге де әлеуметтік төлемерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Ол жалпы соманың 40 пайызын құрайды. БЖТ – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2525 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1263 теңге көлемінде белгіленген.   Хабарламаға сүйенсек, мамыр айының басында Қорға 168 млрд теңге жинақталған. Оның басым бөлігі жұмыс берушілерге тиесілі. Жарна төлеу жағынан Алматы бұрынғыша көш бастап тұр. Қорға түскен қаржының 38 млрд теңгесі оңтүстік астаналықтардың еншісінде.   «Биыл жұмыс берушілер қарамағындағы жұмыскерлер үшін жарна төлеп жатыр. Заң бойынша, әр жұмыскердің атына оның табысының 1,5% мөлшерінде аударым жасалады. Төлем жұмыс берушінің өз есебінен төленуі тиіс. Жеке кәсіпкерлер, қарапайым азаматтар жарна аудару міндетінен босатылған. Бұл санаттағылар жүйеге қаржы аударуды 2020 жылдан бастайды», - дейді МСҚ Алматы филиалы басшысы Тілеухан Әбілдаев.   Атап айтқанда, жұмыскерлер келер жылдан бастап табысының 1%, азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғалар табыстың 1% сақтандыру қорына аударады. Ал, мемлекет 15 санатқа жататын 10 миллионға жуық адамды сақтандыратын болады.  

Серіктес жаңалықтары