Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілді

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілді

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілді
ашық дереккөзі
846
Алматыда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пәннің таныстырылымы өтті. Жаңа пәнді 10-11 сынып оқушылары оқитын болады. Ересек сынып оқушыларын кәсіпкерлік қырларына баулитын аталмыш пән 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінің барлығында 10-сыныптан бастап енгізілмек. «2017-2018 жылдарда Қазақстанның 17 өңірінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»  пәнін оқытатын ілкі мектептердің тізімі жасалған болатын. Алматыда Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия жаңа пәнді сынақтан өткізді. Қанатқақты пән оқушылардың кәсіпкерлік әліппесін меңгеруіне септігін тигізді. Оқушылар бірнеше бизнес-жобаны  сәтті қорғап, жүлделі орындар да алып үлгерді», - дейді білім ошағының директоры Эльмира Бидайбаева. Жаңа пәнді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынып отыр. «2019 жылы кез келген 10-сынып оқушысы осы пәнді таңдай алады. Яғни, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»   ерікті пәндер қатарына жатқызылып отыр. Оқу бағдарламасында ол аптасына 2 рет, жалпы саны 68 сағат беріледі. Пәннің өзі теориялық және практикалық сабақтардан тұрады. Жаңа пән оқушылардың бизнеске икемін арттырып, экономикалық терминдерді біліп өсуіне, бизнес саласындағы құқықтық негіздерді еркін меңгеруіне бағытталады», - дейді Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасының  адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшысы Әлия Нұрышева.

Серіктес жаңалықтары