«Нұр Отан» Елбасы тапсырмаларының, партиялық міндеттемелерінің орындалуын жүйелендіруде

«Нұр Отан» Елбасы тапсырмаларының, партиялық міндеттемелерінің орындалуын жүйелендіруде

«Нұр Отан» Елбасы тапсырмаларының, партиялық міндеттемелерінің орындалуын жүйелендіруде
ашық дереккөзі
217

Ақордада Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев партия Төрағасысының Бірінші орынбасары А.Мырзахметовты қабылдады.

Кездесу барысында А.Мырзахметов Мемлекет басшысына партияның 2015 жылғы 8 тамыздағы Саяси Кеңесі Бюросында берілген тапсырмалардың орындалу барысын баяндады.

Атап айтқанда, «Нұрлы Жол» бағдарламасына және бюджеттің жұмсалуына тиімді бақылау жүргізу бағытында «Нұр Отан» партиясында арнайы бұйрық қабылданып, «аудан-облыс-орталық» принципімен ай сайын ақпарат жинау және мониторинг жүргізу тәртібі енгізілген. Оған бастауыш партия ұйымдарының белсенді мүшелері, барлық 242 филиал және мәслихат депутаттары қатысуда. Мәжілістегі және мәслихаттардағы фракциялардың «Нұрлы Жол» бағдараламасын бақылау комиссияларының ережесі қабылданып, өзара іс-қимылы күшейтілген. Жалпы, бюджеттік қаражаттың жұмсалуына, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылуына да партиялық бақылау ережесі әзірленген. Үкімет басшылығымен туындаған мәселелерді тұрақты қарау бойынша келісім жасалып, бұл мәселелер ай сайын өтетін отырыстарда қаралуда.

Партия филиалдарын институционалды нығайту міндеті аясында партия Орталық аппараттың штаттық саны мен әкімшілік шығындарын оңтайландыру есебінен филиалдардың штаты 43 пайызға немесе 358 бірлікке көбейтілген. Оның ішінде аудандық филиалдарға 344, облыстарға 14 қызметкер қосымша берілген. Филиалдардың жұмысын бағалау үшін бірыңғай мақсатты индикаторлар бекітіліп, 2016 жылдан бастап облыстық филиалдардың төрағалары – әкімдермен индикаторларға қол жеткізу үшін нақты жұмыс жоспарына қол қойылмақ. Партия инспекторларының өздері бекітілген өңірлерге ай сайын шығып тұруы міндеттелген.

Жалпы тиімді жұмыс жүйесін орнықтыру бағытында 21 регламенттік құжат қабылданған. Оның ішінде, басты бағдарламаларға партиялық бақылау мен бағалау жүйесін орнату; мәслихаттардағы партия фракцияларының жұмыс ережесі; партия мүшесінің этика кодексі; қоғадық-саяси ахуалды бақылау; заңнаманы жетілдіру жұмысының ережелері; филиалдардың қызметін бағалау ережесі бекітілген.

Жыл соңына дейін партияның кадрлық резерві туралы ережесі қабылданбақ. Қос санатты кадрлық резервтің құрамы бастауыш партия ұйымдарының белсенділері мен партияның белсенді қолдаушыларынан, «Жас Отан» ЖҚ және белсенді жастар мен партия аппаратының қызметкерлерінен жасақталмақ. Кадрлық резервтен Мәжілістің, мәслихаттардың депутаттығына, Партияның Саяси кеңесіне, Партиялық бақылау кеңесіне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесіне, партияның өзге де органдарына кандидаттар іріктелмек.

Бастауыш партия ұйымдарымен жұмысты күшейту бағытында еліміздегі барлық 5665 бастауыш партия ұйымдарының материалдық-техникалық және әдістемелік базасын нығайту жұмыстары қолға алынған. Бұл мәселе 2016 жылы түпкілікті шешімін таппақ. Партия мүшелерінің сапалық құрамын ірі кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері мен агроөнеркәсіптік кешен есебінен арттыру көзделуде.

«Жас Отан» жұмысын нақты бағытқа ауыстыру мәселесінде жастар саясаты саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына бақылау орнатылмақ. Осы орайда мемлекеттік жастар саясатының тиімділігін бағалау және интернет пен әлеуметтік желілерде жастардық әлеуметтік көңіл-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу ережесі қабылданған. Қазақстандық патриотизмді нығайту, жастар құқықтарын қорғау, «таза сессия» акциясын іске асыру үшін ірі жоғары оқу орындарында партиялық топтар құрылмақ.

«Электронды партия» жобасы аясында 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік органдардың электронды құжат айналымы және «Қазпошта» жүйелерімен партияның электрондық құжат айналымы ұштастырылып, партиялық жарналарды интернет арқылы төлеудің онлайн жүйесі енгізілмек. Халықтық проблемаларды жедел анықтау және оларды жедел шешу үшін ахуалдық орталық құрылуда.

Партияның қоғамдық қабылдауларына биылғы жылдың он айында 73 183 өтініш тіркелген. Азаматтар көтерген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, оң шешілуіне ықпал етілген. Осы орайда жұмыстың нәтижелілігін арттыру мақсатында қажетті шешім қабылдауға құзыреті бола тұра мәселені шешпегендер анықталып, оларға шара көрілмек. Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының, жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының шалғай ауылдарда көшпелі қабылдаулары жылына екі мәрте өткізілмек. Халықтың проблемалары, бағдарламалардың іске асырылуы, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтар бойынша «Жедел желі» және «WhatsAPP» мессенджері іске қосылмақ.

Партияда Елбасы саясатын іске асыру шараларын жариялау бойынша жүйелі жұмыс ережесі қабылданып, бірыңғай медиа жоспары түзілген. Қоғам алдындағы жариялықты қамтамасыз ету мақсатында Баспасөз орталығы ашылып, онда құрылым басшылары, фракция депутаттары, филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарының өкілдері аптасына екі рет брифингтер өткізіп, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мағлұматтар беруде. Сондай-ақ партияның баспа, электронды басылымдарында аймақтық филиалдардың жұмысы бойынша арнайы айдарлар ашылып, тұрақты берілуде. Қоғамдық қабылдау бөлмелерін ақпараттық қолдау бойынша БАҚ және интернет порталдарда олардың жұмыстарын жариялау жүйесі енгізілген.

Алға қойған міндеттерді іске асыруда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндаған А.Мырзахметов мемлекетіміздің одан әрі өркендеуі жолында партия қашанда іргелі істердің бастамашысы болуға дайын екендігін жеткізді.

Мемлекет басшысы елімізде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында сексенге жуық заң қабылданғандығын, келесі жылдан бастап «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру жұмыстары басталатынын айтып, «Нұр Отан» партиясы алдында үлкен жұмыстар тұрғандығын мәлімдеді. Осы бағытта партияға бірқатар маңызды міндеттер жүктеді.

Серіктес жаңалықтары