474
Елдің үздік хоккейші белгілі болды
Елдің үздік хоккейші белгілі болды
Елордалық «Барыстың» және ұлттық құраманың қорғаушысы Даррен Диц Қазақстанның үздік хоккейшісі атанды.
Даррен Дицтің клубтағы әріптесі Никита Михайлис - екінші орынға тұрақтаса, «Сарыарқадағы» сәтті маусымнан кейін «Барыспен» келісімге келген Леонид Метальников үшінші орыннан көрінді.
Осылайша, «Қазақстанның үздік хоккейшісі» байқауының директораты өткен маусымның лауреаттарын да анықтап отыр.
Елдің үздік хоккейшісін анықтау шарасы осымен 28-ші мәрте өткізілді. Әдеттегідей, хоккейсүйер тілшілерге үздік хоккейшілерді анықтау ұсынылған болатын. Айта кетерлігі, үздік хоккейші сынына қазақстандық қана емес, шетелдік легионерлер де түсіп көрді.
Өткен референдумда 29 хоккей шолушысы қатысты. Дауыс беру нәтижесі бойынша, 2018-2019 жылдың маусымының қорытындысында 25 жастағы қазақстандық Дарен Диц үздік хоккейші атанды.
Шолушылардың 11-і анкетада осы хоккейшіге дауыс берген. Дауыс берудің қорытындысы бойынша, 23 жастағы шабуылшы Никита Михайлис екінші орыннан көрінді. 2017 жылдың лауреаты бұл жолы жеңімпаздан 9 ұпайға қалып қойды. Үшінші орынға 23 ұпаймен ұлттық құраманың 29 жастағы қорғаушысы Леонид Метальников тұрақтады.