380
Пойыз билетінің бағасын алыпсатар қымбаттата алмайды
Пойыз билетінің бағасын алыпсатар қымбаттата алмайды
1 шілдеден бастап теміржол билетін сату жүйесі өзгермек. Жауапты мамандардың хабарлауынша енді алыпсатарлар жолаушылар қайтарған билеттерді "қолға түсіре" алмайтын болады.
Электронды теміржол билеттері фискалды чек ретінде саналып, жолаушыларды есепке алу мен отырғызуға негіз болады. Билет кассалары үшін жол құжатын сатудың жаңа шарттары туралы "Жолаушылар тасымалы" компаниясы хабарлады.
"Жолаушылар тасымалы" пойызына билет алу биыл 1 шілдеден бастап автоматтандырылған жүйе арқылы іске асырылатын болады.
"Бұл жүйе арқылы ресімделген электронды билет фискалды чек қана емес, жолаушыларды есепке алу мен отырғызуға негіз бола алады. Бұл жүйе әртүрлі құйтырқы әрекеттердің алдын алып, жолаушылар қайтарған билеттерді "тез қолға түсіруге" мүмкіндік бермейді", - делінген баспасөз хабарламасында
Тарифтер еш өзгеріссіз қалады. Бірақ алыпсатарлар билеттерді қайта сатудан пайда түсіре алмайды, деп сендірді компания