Көп қабатты үйден құлағандар аман қалды

Көп қабатты үйден құлағандар аман қалды

Көп қабатты үйден құлағандар аман қалды
ашық дереккөзі
273
Павлодар қаласында көп қабатты үйден құлаған ер мен әйел тірі қалды. Қайғылы жағдай өткен демалыс күндері болған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, зардап шеккендер Павлодар қаласының алғашқы қалалық ауруханасына жеткізілді. «2 маусымда шамамен сағат 13:20-да 38 жастағы ер адам  1 Мамыр көшесі, 38 мекенжайы бойынша тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап, «сол аяқтың жабық шырышты жарықтары» диагнозымен   бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департамент өкілдері. Бірнеше сағат өткеннен кейін дәл осы емханаға көпқабатты үйдің үшінші қабатынан құлап қалған 26 жастағы әйел  жедел жәрдем көлігімен жеткізілген. Дәрігерлер оған «бас сүйегінің зақымдалуы мен мидың шайқалуы, бел омыртқаның контузиясы»  диагнозын қойды.  

Серіктес жаңалықтары