Өзара ынтымақтастық туралы меморандум

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум
ашық дереккөзі
923
Алматы қаласы Алатау аудандық сотында дауды (жанжалды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарының тұрғындар арасында қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша бітімгершілік процедурасын қолданудың артықшылығын түсіндіретін оңтайлы топ құру, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды жан-жақты дамыту және белсенді түрде өзара әрекеттерді күшейту мақсатында төрт жақты өзара ынтымақтастық туралы Меморандум бекітті. Меморандумға Алматы қаласы Алатау аудандық сотының төрағасы Д.Тілеубаев, Алматы қаласы Алатау аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Ертаев, Алматы қаласы Алатау аудандық полиция басқармасының басшысы Б.Абильбеков, Алматы қаласы бойынша «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ директоры Канат Созақбайұлы қол қойды.  width= Бекітілген Меморандум аясында төрт жақты жақты келісім жасау арқылы тараптар келесідей негізде ынтымақтасты: дауды (жанжалды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттарын енгізу барысында жан-жақты дамыту және белсенді түрде өзара әрекеттесу; дауды (жанжалды) сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттары туралы аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу; аудан тұрғындары арасында қылмыстық құқықбұзушылықтар бойынша бітімгершілік процедурасын қолданудың артықшылығын түсіндіретін оңтайлы топ құру; дауларды шешудің баламалы түрлерінің артықшылығының тәжірибелік пайдасы туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, сонымен қатар интернет-ресурстарына жарыққа шығару; медиациялық келісімнің саны жөнінде қиындық туындатқан сұрақтар бойынша дауды реттеу практикасымен және басқа да татуластыру рәсімі институтын дамыту бағытындағы ақпараттармен алмасу; қылмыстық құқықбұзушылықтарға қатысты дауды шешудің балама түріне байланысты татуластыру рәсімдерін қолдану практикасын түсіндіруге бағытталған семинарлар, дөңгелек үстел және басқа да іс-шаралар өткізу; полиция басқармасы ғимаратында оставкадағы судьяларды қатыстыра отырып медиация кабинеттерін ашу. Қатысушылар аудандық соттың бастамасына ризашылықтарын білдіріп, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатындағы жасалған барлық бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары