«Қазақфильм» америкалықтармен бірлесіп сериал түсіреді

«Қазақфильм» америкалықтармен бірлесіп сериал түсіреді

«Қазақфильм» америкалықтармен бірлесіп сериал түсіреді
ашық дереккөзі
363
«Қазақфильм» киностудиясы «Жол жоқ» /«No Exit»  жобасы шеңберінде АҚШ-тың белді кинокомпаниясымен бірлесіп копродукция негізінде телевизиялық сериалды түсіруді жоспарлап отыр. «Жол жоқ» көркем фильмі Қазақстанда фэнтези/хоррор жанрында түсірілген. Бұл картинаны шығаруда түрлі ұлт өкілдерінен құралған продюсерлер, атап айтсақ, америкалық Сара Луиз Уилсон, халықаралық кәсіпқой маман Дарио Кирола, сондай-ақ отандық Айгүл Сыдықова жұмыс істеді. Сондай-ақ Сара Уилсон бұл жобада режиссер әрі сценарий авторы болды, ал отандасымыз Сыдықова болса фильмде басты кейіпкердің рөлін сомдады. Фильмді қазақстандық ActionLab атты тәуілсіз арт-студиясы және ливандық Littletree Films атты тәуелсіз компаниялары бірлесіп түсірген. Бұл фильм жақында ғана Калифорниядада өткен Mammoth Lakes Film  Festival  фестивалінде үш бірдей жүлдеге ие болды. Көрермендер көзайымы жүлдесі, үздік шетелдік  баяндайтын фильм үшін құрметті сыйлығы және Panavision Award жүлдесі. Кинотуынды Данияр есімді жас жігіттің өмірі туралы баяндайды. Сара Луиз Уилсон американдық сценарий жазушы, режиссер әрі продюсер. Сондай-ақ ол бірнеше фильмге түскен. Мысалы, «Джелли» атты романтикалық комедияда ол басты рөлді сомдаған (Наташа Лионн және Эд Макмахонмен бірге). Уилсон бұл фильмнің сценарийін де жазған. Одан бөлек ол ол біраз уақыт Қазақстанда тұрып, ActionLab арт-студиясында режиссерлік шеберліктен дәріс берген. «Жол жоқ» фильмінде мен қадамдарын енді басқан жас қазақстандық актелермен жұмыс істедім, олар менің студенттерім болған, – деді Уилсон. «Қазақфильм» киностудиясы «Жол жоқ» фильмінің басты тақырыбын дамытып, халықаралық табысты жоба етіп,  телевизиялық сериал түсіруды көздеп отыр.

Серіктес жаңалықтары