277
Жүк көліктерге қыруар айыппұл салынды
Жүк көліктерге қыруар айыппұл салынды
Көлік комитеті 21 мамырдан бастап 31 тамызға дейін «Назар аударыңыз, ауыр салмақты көлік» тексеру науқанын өткізіп жатыр, акция аясында 21 мамыр мен 10 маусым аралығында 10 174 автокөлік құралы тексеріліп, 202 заң бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 190 құқық бұзушылық - қазақстандықтарға және 12 факті - шетелдік тасымалдаушыларға қатысты. Оларға 34,5 млн теңгеден астам айыппұл салынып, жүріп өткені үшін алым сомасы 14 млн теңгені құрады.
Акция мақсаты - ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау ережелерін бұзудың алдын алу және ескерту, сондай-ақ ауыр салмақты көліктердің жолға залал келтіруіне жол бермеу. Акция барысында республика жолдарында көлік құралдарына бақылау күшейтіледі.