Дәрігерлердің жалақысы тағы көтеріледі

Дәрігерлердің жалақысы тағы көтеріледі

Дәрігерлердің жалақысы тағы көтеріледі
ашық дереккөзі
243
2020 жылдың ақпанына қарай еліміздегі 400 мың медицина қызметкерінің жалақысы тағы 30 пайызға артатын болады. Бұл туралы халықпен есептік кездесу кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.  «Елбасы мен Президенттің тапсырмасына сәйкес жалақыны көтеру үшін барлық қажетті шаралар  осы айдан бастап қабылданатын болады. Адамдар қолына нақты алатын жалақыны 30  пайызға көтеруді мақсат тұтып отырмыз. Дегенмен, мұның да өзіндік ерекшеліктері бар. Көпшілік, халық  та денсаулық сақтау саласындағы жалақыны Денсаулық сақтау министрі немесе мемлекет бекітеді деп ойлауы мүмкін. Ал іс жүзінде, бұл олай емес. Біз медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметі үшін төлейміз.  Яғни, аппендицитті емдесе оның бекітілген бағасы бар. Оны тариф деп айтамыз және осы тариф арқылы жалақы шығындарын қалыптастырамыз. Біз осы тарифті медициналық қызметкерлерге ақша жетуі үшін арттырамыз», - деді Е.Біртанов. Оның айтуынша, өткен жылдың ішінде дәрігерлердің жалақысын арттыру мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек тарифі 20 пайызға көтерілген. Алайда, тарифтің көтерілуі дәрігерлердің жалақысының көтерілуіне еш әсерін тигізе алмағаны анықталған. «Биыл біз жаңа тетікпен жұмыс істейміз. Бірінші кезекте әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аталған ақшаның барлық медициналық орталықтарда мақсатқа сай пайдаланылуын қадағалайтын болады. Қор жалғыз төлеуші болғаннан кейін, қосымша талап қоюға құқылы. Бұл жұмысқа кәсіподақ федерацияларын тартамыз. Мұндай жұмыс барлық әлемде бар. Біз қаржыландыруды арттырамыз, ал кәсіподақтар жалақының артуын талап ететін болады. Бұл сызбаның жұмыс істейтіндігіне сенімдімін», - деді ол.  width= Сонымен қатар ол бұл  жұмысқа жергілікті атқарушы органдардың тарапынан бақылау болуы тиіс екендігін баса айтты. «Дәл осы сызбамен жыл сайын жалақыны арттыруды қарастырып отырмыз. 2020 жылы жалақыны тағы 30 пайызға көтеруді жоспарлаудамыз. Ол үшін ақша бар, бұл ақшаны сіздермен бірге жинадық. Толықтай алғанда, ақпаннан бастап келесі жылдың ақпанына дейін барлық салада жалақы шамамен 70 пайызға артатын болады. Бұл 400 мың медицина қызметкеріне қатысты», - деді министр.  

Серіктес жаңалықтары