318
Өзбекстан Гаага конференциясына мүше болмақ
Өзбекстан Гаага конференциясына мүше болмақ
Өзбекстан жыл соңына дейін халықаралық және жеке құқық бойынша Гаага конференциясына мүше болуды жоспарлап отыр. Бұл туралы өлкенің сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мекеменің мәліметіне қарағанда, өзбек делегациясы аталған ұйымның 18-24 маусым күндері Нидерландта өтіп жатқан 22-дипломатиялық сессиясына қатысуда. Онда Гаага конференциясы «Азаматтық және коммерциялық істер бойынша қабыл алынған шетелдік соттардың шешімдерін атқару туралы» конвенцияны қабылдайды деп күтіледі.
СІМ білдіргендей, Өзбекстанның конференцияға мүше болуға биыл наурызда ұсыныс білдірген.
1893 жылы құрылған халықаралық және жеке құқық бойынша Гаага конференциясы байырғы үкіметтар аралық ұйымдардың бірі болып есептеледі. Оның мақсаты — халықаралық және жеке құқықтық нормаларын бір ретке келтіру. Оған 82 мемлекет мүше.