2073
Қазақстанда ат туризмі дамымақ
Қазақстанда ат туризмі дамымақ
Қазақ жылқыларын дәріптеу дәстүрге айналмақ. Ертең елімізде «Киелі Қазақстан» көпкүндік экспедициясы басталады. Ұлы даланың атбегілік өнері Қазақстан туризмін дамытуға серпін бермек.
Ұйымдастырушылар осы арқылы атты туризмді дамытпақшы. Салт аттылар он күн ішінде Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өтеді. Әрі тәулігіне 50-60 шақырымды еңсермек.
«Жол жөнекей жақын маңдағы ауылдарда лагерь құрамыз», - дейді мамандар. «Осы 10 күн ішінде атпен Баянауыл ұлттық паркіне жету керекпіз. Оншақты адам болады. Неге осы экспедицияда тек қазақтың аты болады дегенге келсек, күн сайын 50-60 шақырымға қазақ жылқыларынан басқа жылқылар шыдамайды»,-дейді Qazaqgeography РҚБ ғылыми және экспедиция қызметі бойынша департамент директоры Нұржан Алғашов.