341
АРЫСТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ОБЛЫС БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА
АРЫСТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ОБЛЫС БАСШЫСЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына барды.
Қазіргі таңда арнайы штаб құрылып, әскерилер мен құқық қорғау органдары ТЖ аймағына келіп жетті.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды
1.Ақдала бұрылысы
- 41 разъезд
- Водозобор бағытында лагерльерге орналастырылады.
Аталған үш бағыт бойынша әскери көліктер, камаздар мен арнайы жасақ жұмылдырылуда.
Лагерь басында тұрғындарды аудан әкімдері қарсы алып, жайғастырады.
Әлеуметтік нысандарды (аурухана, балалар) полиция қызметкерлері көшіруде.
Қазіргі таңда көптеп тарап жатқан "Бөген" су қоймасынан келетін қауіп туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдейміз.
Сондай-ақ,Отырар мен Ордабасы аудандарында 100 орындық екі госпиталь ашылды. Қосымша 30 жедел медициналық көлігі жұмыс істеуде.