334
"Менің Рəміздерім" жобасы
"Менің Рəміздерім" жобасы
Қазіргі таңда көптеген үкіметтік емес ұйымдар əртүрлі əлеуметтік жобаларды мемлекеттік тапсырыс бойынша жүзеге асырылуда. "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі жəне Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасымен бірлесе жасалған.
"Менің Рəміздерім" атты патриоттық жобасы соның бір дəлелі. Жоба мақсаты өскелең ұрпаққа патриоттық тəрбие беру. Еліміздің болашағы жастарды əртүрлі шараға қатыстыру арқылы бойындағы руxани сезімін ояту. Жоба аясында жастардың қатысуымен келесі іс-шаралар өткізілді: Алғашқы іс-шараның бірі əлеуметтік желілерде арнайы топтар құрылып, #МеніңРəміздерім xэштектері арқылы тақырыптық викториналар мен эстафеталарды жүргізілуі болып табылады. Сонымен қатар 9-ға жуық семинар алдағы уақытта өткізілу жоспарланып отыр, 60 адамды қамтитын "Мемлекеттік рəміздер елдігіміздің тұғыры" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жобаны ұйымдастыру барысында ауқымды шаралардың бірі, 250-ге жуық студентер қатысқан флэшмоб-акция. Акция ҚР Тұңғыш Президенті саябағында, Арбат, Республика сарайының алдында Абай аланыңда жəне Аxмет Байтұрсынов мұражайында өткізілді. Флешмоб кезінде студенттер мемлекеттік рəміздер бейнеленген футболкалармен, бейсболкаларды киіп, еліміздің көк байрағын желбірету мəртебесіне ие болды. Отан сүйгіштікке жастарды тəрбиелеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі еліміздің болашағы. Сол үшін, жастарға патриоттық көз қарас қалыптастыруға арналған кездесулер өткізілді. Оған елтаңба авторы Жандарбек Мəлібеков, "Көк тудың желбірегені" əнінің авторы, ақын Алмасбек Аxметбекұлы жəне дəстүрлі əнші Ерлан Төлеутай, xалыққа танымал ақындарымыз Ш.Мұратxан, А.Əлімұлы, А.Кəріпжан қонақ болды. Кездесу барысында көрнекті тұлғалар өз тəжірибелерімен , өмірлік ұстанымдарымен бөлісті.
Оқушылар өз тарапынан көкейінде жүрген сұрақты қойып , жауап алды. 6 мектеп , 350-ге жуық оқушылар қатысқан шара естен кетпес қызық , əрі тəрбиелік мəні зор болды . Қорытындылай келе жоба барысында өткізілген əрбір іс-шараның өзіндік маңызы бар. Себебі бұл шара Отанымызды құрметтеуге, патриоттық сезімді нығайта түсуге тырысу - ол əрбір азаматтың парызы екенің ұқтырды.