Ө.Шөкеев айдың алғашқы жұмыс күнін Арыста бастады

Ө.Шөкеев айдың алғашқы жұмыс күнін Арыста бастады

Ө.Шөкеев айдың алғашқы жұмыс күнін Арыста бастады
ашық дереккөзі
282
Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласының әкімдігінде өткізуді бастады. Бұл жөнінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсен Тәжібаев Facebook парақшасында жазды. Күн тәртібіндегі мәселе оқыс оқиғадан зардап шеккен Арыс қаласын қалыпқа келтіру болды.
"Мен осында 1 ай болып, құрылысты күнде басында тұрып қадағалаймын. Егер қай аудан ұйымдастыра алмаса жауаптысын жұмыстан босатамын. Ал жауапты облыстар салғырттық танытса Үкімет басшысына мәлімдеймін. Халықтың мұқтажын жедел шешуіміз керек" - деді Ө.Шөкеев.  width= Жиынға өңірдегі құрылым басшыларынан бөлек, республиканың барлық облыстың өкілдері бар.

Серіктес жаңалықтары