ҰБТ: 90 мың телефон тәркіленді

ҰБТ: 90 мың телефон тәркіленді

ҰБТ: 90 мың телефон тәркіленді
ашық дереккөзі
951
Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде оқушылардан 90 мыңнан аса телефон мен 28 мың калькулятор табылып, уақытша тәркіленген. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметін атқарушы Дидар Смағұлов Facebook желісіндегі парақшасында жазды. "ҰБТ кезінде 90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка тәркіленді. Құрметті ата-аналар мен мұғалімдер, жүйені алдау қабілеттілігі үшін емес, балаларды адал бәсекелестік пен білім көрсеткішін таза көрсететіндей деңгейде дайындау керек. Бұл жақсылыққа апармайды", - деп жазды Дидар Смағұлов. Ұлттық бірыңғай тестілеу Қазақстанда 20-30 маусым аралығында өтті. Биыл 117 242 адам ҰБТ тапсырды.

Серіктес жаңалықтары