Алматы қаласы Алатау аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Алматы қаласы Алатау аудандық сотында дөңгелек үстел өтті
ашық дереккөзі
406
Алматы қаласы Алатау аудандық сотында, тергеп-тексеру тиімділігін жақсартуда және жедел әділ сот атқару мақсатында «Жеделдетілген сотқа дейін өндіріс, келісім өндірісі және қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға прокуратура өкілдері, полиция департаментінен тергеушілер және анықтаушылар, адвокаттар, қатысты. Кездесу барысында сотқа дейінгі жеделдетілген іс жүргізу тиімділігін қолданудың сапасын жақсартуда және сотқа дейін жеделдетілген іс жүргізу тәртібімен келіп түсетін істердің санын ұлғайту, қысқартылған тәртіпте және келісімдік іс жүргізуде тергеу тиімділігін арттыру және жедел әділ сот төрелігін жүргізу туралы сұрақтар талқыланды. Алатау аудандық сотының судьясы Н. Карабаев іс жүргізу тәртібі, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жеделдетілген түрінің артықшылықтарын және ерекшеліктерін атап өтті. «Бұл, ең алдымен жеделдетілген сот төрелігін атқаруда тергеу барысындағы әуре-сарсаңды жояды, мемлекеттіңде және қылмыстық процеске қатысушылардың сот өндірісіне қатысты шығындарды азайтады»- деді Нұржан Ерубайұлы. Жеделдетілген тәртіптегі тергеу тиімділігінің процессуалдық маңыздылығын ескере отырып, қылмыстық қудалау органдары сотқа дейінгі тергеу сатысындағы тәртіпті сақтай отырып, сол сатыда күдіктілерге (айыпталушыларға) тергеудің жеделдетілген түріне енгізілген құқықтарын және істі сотқа беру тәртіптерін түсіндіру қажет. Жеделдетілген сот дейінгі тергеп-тексеру институты жазаны аз алу мүмкіндігінің кепілі болатындығын, ал жәбірленушілерге сот төрелігі құқықтарына қол жеткізу және келтірілген зиянның жедел өтелетіндігін түсіндіреді. Іс-шара барысында азаматтардың мүддесін оңтайландыру мәселелері бойынша ынтымақтастық механизимін және сапасын арттыра отырып жұмысты жандандыру, қысқартылған тәртіпте және келісімдік тәртібімен сотқа дейін іс жүргізудегі істер сапасын арттыру сияқты мәселелер талқыланды.

Серіктес жаңалықтары