«Неке бұзудың алдын-алу арқылы отбасы құндылықтарын арттыру»

«Неке бұзудың алдын-алу арқылы отбасы құндылықтарын арттыру»

«Неке бұзудың алдын-алу арқылы отбасы құндылықтарын арттыру»
ашық дереккөзі
256
Алматы қаласы Алатау аудандық сотында «Неке бұзудың алдын-алу арқылы отбасы құндылықтарын арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Алатау аудандық сотының судьялары Даурен Айкулов пен Какен Касабулатов, Алатау ауданы Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Айнур Кунчашева және мемлекеттік емес ұйым өкілдері «Ардагерлер» қоғамдық ұйымының төраға орынбасары Сағатулла Таубалды, Алатау ауданының №14 округінің «Ардагерлер» төрайымы Алуаш Абилтаева, «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторлары Нұржамал Мықтыбаева мен Ерлан Тауасаров, БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелде Алматы қаласы Алатау аудандық сотының судьясы Д.Айкулов баяндама жасап, неке бұзу туралы істердің көбейгеніне назар аударды. Аудандық сотқа 2019 жылдың 6 айында неке бұзу туралы 702 талап қою арыздары түскен, оның ішінде 446 неке бұзылған, ал 32 іс медиациямен яғни, тараптардың татуласуымен аяқталған. Алатау ауданы №14 округінің «Ардагерлер» төрайымы А.Абилтаева:- Өкінішке қарай, қазіргі қазақ қоғамында отбасы құндылықтары құлдырауға ұшырап бара жатқаны ащы да болса ақиқат. Оның дәлелі жоғарыда судья айтып отырған статистика. Бұл жай ғана жалаң цифрлар емес, қазіргі қоғамдық дерттің көрсеткіші. Әкесіз тәрбиеленген ұл мен қыздың жарымжан тағдырына жалпы қоғам болып жауапты екенімізді ұмытпай, жастарға кешірімді болуды насахаттауымыз керек деді. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы А.Кунчашеваның айтуынша, соттан тыс ажырастыруды сұрап өтініштер түсіп жатады. Алайда, келіп түскен өтініш бойынша тараптардың табысуы үшін бір ай мерзімде уақыт беріледі. Сол бір айлық мерзімде, өтініш берушілердің алпыс пайызы қайта келмейді екен. Дөңгелек үстелдің қатысушылары келтірілген статистикалық мәліметтерден қорытындылай келе, отбасы құндылығын дамытуды, неке бұзудың алдын-алу шаралары ретінде халық арасында үлгілі отбасыларды насихаттауды, оқу орындарында, мекемелерде осы бағытта лекциялар мен семинарлар өткізуді қамтамасыз етуді және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы отбасы құндылығын насихаттауға бағытталған тәрбиелік мәні бар бағдарламаларды ұйымдастыруды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары