Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды
ашық дереккөзі
308
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Түркістан қаласының әкімі болып Рашид Абатұллаұлы Аюпов тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Рашид Абатұллаұлы 1981 жылы 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында туған, қазақ, білімі жоғары. Шымкент университеті, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университеті мен Академиялық инновациялық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі - информатика бакалавры, мемлекеттік басқару бакалавры, заңгер. "Болашақ" бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда Патшайым Марияның Лондон университетін (Queen Mary University of London) аяқтаған, мемлекеттік басқару магистрі. Еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында «Даулет» өндірістік кооперативінің инженер-операторы ретінде бастаған.  width= 2004-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ОҚО бойынша Ақпарат және сынақ орталығының операторы, жетекші сарапшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы директорының орынбасары және директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының көмекшісі болып қызмет атқарған. 2009-2015 жылдары аралығында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кеңсесінің мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімінің сектор меңгерушісі, қаржы-шаруашылығы және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесі Басшылығы хатшылығының бас консультанты лауазымдарында еңбек еткен. 2015-2018 жылдары аралығында Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі "Нұр Отан" партиясының өкілі, "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты Ақпараттық технологиялар орталығының директоры, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған. 2018 жылдың қыркүйек айынан SHYMKENT әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болып қызмет атқарып келген.

Серіктес жаңалықтары