568
Қазақстан астанасында қар барысы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған жаһандық конференция ашылды
Қазақстан астанасында қар барысы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған жаһандық конференция ашылды
Нұр-Сұлтанда қар барысы популяциясын сақтау мәселелеріне арналған беделді халықаралық конференция өтті.
Форумды Snow Leopard Foundation, қар барысын сақтау бойынша жеке халықаралық қоры ұйымдастырды. Қордың негізін қалаушы және құрылтайшысы бір жыл бұрын ірі қазақстандық меценат, кәсіпкер және қоғам қайраткері Нұрәлі Әлиев болды.
Конференцияның тақырыбы: «Қар барысын сақтау: популяциялардың жағдайы, ландшафттарды басқару және трансшекаралық ынтымақтастық». Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда ілбіс аталатын – қар барысы мекендейтін барлық елдерде осы көркем және сирек кездесетін жануарлардың популяциясын сақтау бойынша тиімді бірлескен тетіктерді әзірлеуді жалғастыру.
- Біз Қазақстанның елордасында ірі әлемдік қорлар мен халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ қар барысын қорғаумен айналысатын және территориясында барыс мекендейтін 12 елдің ең беделді ғалымдарын жинай алдық. Біз тәуелсіз Қазақстанның символы есептелетін осы жануарды сақтау үшін нақты қадамдар жасауды жоспарлап отырмыз, - деді Snow Leopard Foundation қорының құрылтайшысы Нұрәлі Әлиев.
- Атап айтқанда, БҰҰ Даму Бағдарламасының сарапшыларымен біз елімізде қар барыстары бойынша барлық ғылыми және статистикалық деректерді біріктіруге арналған бірыңғай әлемдік ақпараттық орталық құру жобасын талқылаудамыз. Нұр-Сұлтанда бастау беруге дайын тағы бір нақты жоба - ілбістің бірыңғай халықаралық гендік зертханасын құру.
Конференцияға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Моңғолия, Қытай, Үндістан, Непал, Бутан және Ресей сынды қар барысы мекендейтін барлық 12 елдің өкілдері қатысуда. Қазақстан астанасына БҰҰ Даму Бағдарламасының (UNDP), Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF), Snow Leopard Trust қорының, қар барысын және оның экожүйелерін сақтау жөніндегі Жаһандық Бағдарлама Хатшылығының (GSLEP), Халықаралық табиғат қорғау одағының (IUCN) және басқа да халықаралық ұйымдардың сарапшылары келді. Конференцияға Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев те қатысты.
- Бүгін әлемде қар барысын қорғау бойынша көптеген іс-шаралар өткізіледі, бірақ оларда жалпы табиғатты қорғау немесе мысық тұқымдастарының барлық өкілдерін қорғауға байланысты мәселелер талқыланады, - деп атап өттіSnow Leopard Foundation қорының басшысы Ержан Еркінбаев.
[gallery ids="eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvT1NNXzY1OTQuanBnIiwidGl0bGUiOiJPU01fNjU5NCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvT1NNXzY2NTkuanBnIiwidGl0bGUiOiJPU01fNjY1OSIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvT1NNXzY3NjAuanBnIiwidGl0bGUiOiJPU01fNjc2MCIsImNhcHRpb24iOiIiLCJhbHQiOiIiLCJkZXNjcmlwdGlvbiI6IiJ9,eyJ1cmwiOiJodHRwczpcL1wvdHVya3lzdGFuLmt6XC93cC1jb250ZW50XC91cGxvYWRzXC8yMDE5XC8wN1wvT1NNXzYzOTk1LmpwZyIsInRpdGxlIjoiT1NNXzYzOTk1IiwiY2FwdGlvbiI6IiIsImFsdCI6IiIsImRlc2NyaXB0aW9uIjoiIn0="]
Біз ілбіс популяциясын қорғаудың тар сегментіне мақсатты түрде назар аударғымыз келеді. Конференция аясында популяцияны сақтау бойынша неғұрлым тиімді тәсілдер туралы ғылыми пікірталастар жалғасуда, қар барысын сақтау мақсатында трансшекаралық ынтымақтастық туралы меморандумның таныстырылымы және ғылыми мақұлдануы, сондай-ақ біздің қор мен БҰҰ Даму Бағдарламасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою орын алды.
Snow Leopard Foundation өкілдері қор қызметінің бірінші жылының нәтижелері туралы баяндады. Атап айтқанда, қаржылық және техникалық қолдауды қамтамасыз еткен қор қатысуының арқасында ҚР БҒМ Зоология институтының ғалымдары Іле Алатауындағы қар барысының потенциалды мекендейтін жерлерін зерттеді, фототұзақтар орнатты, алынған мәліметтер негізінде Алматы өңірінде мекендейтін популяцияның қазіргі күнгі таралуы мен санына қатысты мониторингтік зерттеулер жүргізді. Конференция қатысушылары қар барысын өсіру және бейімдеу орталығының құрылыс перспективаларын талқылады. Орталықтың құрылысы үшін Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі территориясында барлық қажетті талаптарға сәйкес келетін учаске анықталды, қазіргі уақытта қор сарапшылары Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен бірлесіп ұйымдастыру мәселелерін талқылауда.
WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц Қызыл кітапқа енген жыртқыштың популяциясын сақтау және ұлғайту мақсатында қар барысы ареалының барлық мемлекеттері ынтымақтастығының қажеттілігін атап өтті. «Қазақстанның үлесіне әлемдік популяцияның тек 3%-ы ғана келеді, бірақ бұл жеке топ емес. Қазақстан тарихи түрде экологиялық дәліз рөлін атқарды және бүгінде ареалды жекелеген фрагменттерге бөлу түрдің жойылуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, Нұрәлі Рахатұлы Әлиевтің бастамасы Қазақстанның символы – осы бірегей аңды сақтау үшін өте маңызды», - деп атап өтті Григорий Мазманянц.
Конференция қатысушылары сондай-ақ Алматыда бірыңғай ақпараттық орталық құру жобасын талқылады, оның міндеттеріне жергілікті тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар барыс мекендейтін барлық аумақта тұратын жануарлар туралы толық ақпаратты қамтитын бірыңғай деректер базасын құру кіреді. Деректер базасын құру процесінде жасанды интеллект технологияларын қолдану жоспарлануда. Осы технологиялардың арқасында сарапшылар жануардың терісіндегі сурет сияқты бірегей сипаттамаларға сүйене отырып, фотосуреттердегі барлық жеке бастарды сәйкестендіру бойынша анағұрлым нақты талдау жасай алады. Бұдан басқа, базада генетикалық сараптама нәтижесінде алынған деректер қамтылатын болады.
- Қар барыстары Орталық және Оңтүстік Азия биік тауларының елшісі болып табылады», - деді GSLEP қар барысын сақтау жөніндегі жаһандық бағдарламаның халықаралық үйлестірушісі Костуб Шарма.
- 12 елде мекендей отырып, олар халықаралық шекаралармен төлқұжатсыз және визасыз қозғалады. Қар барыстары мен тау экожүйелерін сақтау Азия биік таулары халықтарының экономикалық, мәдени және экологиялық салауаттылығының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстанда Snow Leopard Foundation қоры Қазақстан Үкіметімен және қар барысын және оның экожүйелерін сақтау жөніндегі Жаһандық бағдарламамен (Global Snow Leopard and Ecosystem Protection Program) әріптестікте ұйымдастырған осы конференцияда біз әлемдегі қар барыстарының популяциясын бағалау жүйесін (PAWS) енгізу бойынша жалпы оперативтік нұсқаулығын талқылаймыз. Қар барысы ареалы елдерінің өкілдері үшін интерактивті платформаның болуын қамтамасыз еттік және одан әрі бірлескен күш-жігермен жасалған жұмыс нәтижелерін таныстырамыз. Трансшекаралық ынтымақтастықтың тәжірибесі туралы айтып, қар барысының ландшафттарын сақтау бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың жолдары мен әдістерін талқыладық. Бұл ілбіс мекендейтін барлық елдердің өкілдері үшін техникалық мәселелер мен ғылыми зерттеулерді талқылау, тәжірибе мен білім алмасу үшін бас біріктіретін тамаша мүмкіндік болды.
Конференция бастамашыларының жоспарында іс-шараны дәстүрлі ету көзделіп отыр. «Біз жыл сайын қазақстандық алаңда іс-шараны қабылдауға дайынбыз және уақыт өте келе ол қар барысын қорғау мәселелеріне арналған ең ірі ғылыми конференция болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Нұрәлі Әлиев.
Конференция қонақтарының қатарында қоршаған ортаны қорғауға үлкен үлес қосқан медиалық тұлғалар, белгілі кәсіпкерлер болды. Конференцияның ресми тасымалдаушысы - Air Astana әуекомпаниясы.
Анықтама: Қар барысы, немесе ілбіс (Panthera unica) – біздің еліміздегі мысық тұқымдастарының ең ірі өкілі. Ілбіс Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне, сондай- ақ оның таралу аймағының барлық 12 елінің – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай, Моңғолия мен Ресейдің ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілген. 2013 жылы Қазақстан «Қар барысы және оның экожүйелерін сақтаудың жаһандық бағдарламасына» қосылды. Бірақ, сирек кездесетін түрді сақтау бойынша күш-жігерге қарамастан, оның популяциясы үнемі қысқару үстінде. Мәселен, 20-шы жүзжылдықтың соңында қар барысының қазақстандық популяциясының саны шамамен 180-200 басқа бағаланды. ҚР БҒМ Зоология институтының есебі бойынша 2014 жылы Қазақстанда барлығы 110-130 ілбіс тіршілік еткен.