Билли Джо Сондерс Головкинді жеңетініне сенімді

Билли Джо Сондерс Головкинді жеңетініне сенімді

Билли Джо Сондерс Головкинді жеңетініне сенімді
ашық дереккөзі
214
Британиялық Билли Джо Сондерс MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде қонақ болып, қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Сондерстің промоутері Боб Арумның (Top Rank Promotions) пікірінше, британиялық боксшы GGG-ді жеңе алады. Промоутер Сондерстің мексикалық Сауль Альваресті де жеңетініне сенімді. "Меніңше, Сондерс - Головкинмен гипотезалық жекпе-жектің фавориті. Альвареспен жекпе-жекте де фаворит болады. Головкин өзіне қарсылас іздеп жатыр. Бәсекелес бола алатын адам іздесе, Сондерске назарын аударғаны жөн. Келесі жекпе-жегін осы жігітке қарсы өткізуі керек", - деді Арум. Айта кетейік, Билли Джо Сондерс 6 шілдеде елордадағы "Барыс-Аренада" өткен бокс кешіне қатысып, рингте Қазақстанға алғысын айтқан. Сонымен қатар, Головкинге Қазақстанда жекпе-жек өткізуді ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары