857
БҰҰ: 2017 жылы отбасыдағы зорлық-зомбылықтан 50 мың әйел көз жұмды
БҰҰ: 2017 жылы отбасыдағы зорлық-зомбылықтан 50 мың әйел көз жұмды
БҰҰ-ның есебінше, 2017 жылы әлемде 50 мың әйел мен жас қыз отбасындағы зорлық-зомбылық салдарынан көз жұмған. Бір жылдың ішінде әлемде 87 мың әйел ерінен зәбір көрген. Бұл туралы БҰҰ 8 шілдеде жариялаған есірткі және қылмыс жайлы есебінде айтылған.
БҰҰ 2017 жылы әскери қақтығыстардың салдарынан әлемде 89 мың адам мерт болғанын мәлімдеді.
Есеп авторлары 2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда отбасыдағы зорлық салдарынан қайтыс болғандар саны өскенін айтады. БҰҰ дерегінше, әйелдерді зорлау фактісі Азияда (20 мың) көп тіркелген. Африкада – 19 мыңнан астам әйел, Америкада – 8 мың, Еуропада 3 мың әйел ерінің қолынан қаза тапқан.
Қазақстанда да жыл сайын мыңдаған әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Қазақстан бас прокуратурасы дерегінше, 2016 жылы елде отбасындағы зорлық-зомбылықтан 36 әйел мен бір бала қаза болған. Әйелдер құқығын қорғайтын ұйымдар ерінен таяқ жейтін әйелдердің саны ресми статистикадан да көп деп санайды. Құқық қорғау ұйымдарының мәлімдеуінше, Қазақстанда күйеуінен таяқ жеген әйелдер мәселесін ашық айтып, сотқа шағымдана бермейді, сондықтан мұндай жайттар көбіне ашылмай қалады.
2017 жылғы шілдеде Қазақстан "Ұрып-соғу" және "Денсаулығына қасақана жеңіл зақым келтіру" баптары әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылған. Жыл басында ішкі істер министрлігі (ІІМ) тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты ахуалдың нашарлап кетуіне сілтеп, отбасындағы ұрып-соғудан қылмыстық сипатты алып тастауды ұсынған. Құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен бұл отбасындағы ұрып-соғу оқиғаларына қайтадан қылмыстық сипат беруді талап еткен. Бірақ билік олардың сөзіне құлақ аспады.