Сенатор Қаражалдағы жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты

Сенатор Қаражалдағы жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты

Сенатор Қаражалдағы жұмыспен қамту орталығының  жұмысымен танысты
ашық дереккөзі
320
Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс сапарымен Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында болды. Сенатор жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, аз қамтылған азаматтарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті беру туралы әңгіме өрістеді. Депутатқа «Бизнес бастау» және «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлік бағдарламасын іске асыру жөнінде атқарылған істер туралы айтылды. Сенатордың айтуынша, мұндай шаралар жастарға кәсіпкерлік ісі бойынша оқуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Сенатор бүгінгі күні осы негізде тұшпара өндірісінің цехын аралап, өндіріс қуатымен танысты. Жас кәсіпкер «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша несие алып, қазір табысты жұмыс істеп келеді. Р.Әбдікеров осындағы ескі шиналарды қайта өңдеу және жою кәсіпорнында болып, өндіріс технологиясымен, кәсіпорынның алдағы жоспарымен танысты. Кәсіпорын алдағы уақытта 20-дан астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін болады. Депутаттың жұмыс сапары Жаңаарқа ауданында одан әрі жалғасты. Сенатор Байдалы би ауылында болып, жергілікті тұрғындардың өмірімен танысты. Рысқали Әбдікеров жергілікті ақсақалдармен, атқарушы билік органдарының, қоғамдық-саяси және жастар ұйымдарының өкілдерімен, кәсіпкерлермен, көп балалы отбасылармен кездесіп, олардың проблемаларын тыңдап, оларды шешу жолдарын талқылады, сондай-ақ азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Кездесулерде атаулы әлеуметтік көмек, еңбекақыны уақтылы төлемеу, тұрғын үйді бөлу, ауылшаруашылығы техникасы бөлшектерінің бағасы туралы сұрақтар қойылды. Сенат Төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасына сәйкес сенаторлар осы күндері аймақтарда жүр. Олар Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық саясаты мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы туралы тұрғындарды хабардар етуде.

Серіктес жаңалықтары