569
820 миллион адам аштықтың зардабын шегуде
820 миллион адам аштықтың зардабын шегуде
Жаһанда ашыққан адамдар саны жылдан-жылға артып келеді. Жуырда БҰҰ мамандары осылай деп дабыл қақты. Зерттеушілердің есебінше қазір жер шарында 820 миллионға жуық адам аштық тауқыметін тартуда.
БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы, Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бірлесе әзірлеген баяндамасында айтылуынша, әсіресе Африка елдерінде аштықтан зардап шегіп отырғандардың саны өсу үстінде – қара ұрлық халқының бестен бірі қара қазан қайната алмай отыр.
Бұл көрсеткіш Латын Америкасы және Кариб бассейнінде шамамен 7 пайызға, ал Азияда 12 пайызға жеткен. Егер осы тенденция жалғаса берсе, Тұрақты даму мақсаттарының екіншісі саналатын 2030 жылға қарай аштықты жою мүмкін болмайды, деп санайды сарапшылар. Баяндамада 2015 жылы 20,5 миллион бала салмағы аз болып туған.
Қуанарлық дерек те бар, соңғы алты жылда бойы кешеуілдеп өсетін балалар саны 10 пайызға қысқарған. Мамандардың айтуынша, толыққанды тамақтанбау семіздікке әкеп соқтыруда.
2016 жылы әлемде 2 миллиардтан астам адамда артық салмақ болыпты. 1,3 миллиард адам, яғни әлем халқының 17 пайыздан астамында толыққанды тамақтану мүмкіндігі жоқ. «Олар аштықтан запдап шегіп отырған жоқ, дегенмен, олар тойып тамақ жемегендіктен, денсаулығы нашарлауы мүмкін», - дейді сарапшылар.