«Батыр қоян»-ның тұсауы кесіледі

«Батыр қоян»-ның тұсауы кесіледі

«Батыр қоян»-ның тұсауы кесіледі
ашық дереккөзі
1622
2019 жылғы 20 шілде күні ҚР Ұлттық кітапханасында жас қаламгер Мейіржан Жылқыбайдың «Батыр қоян», «Тауға саяхат» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Азия Мәдениетін Зерттеу Институты (Кванджу, Оңтүстік Корея) және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының бірлесуімен жарыққа шыққан «Батыр қоян» ертегісі 2017 жылы Оңтүстік Кореяда үш тілге аударылып, басылып шықты. Мейіржан Жылқыбай – Жамбыл облысы, Жаңатас қаласының тумасы. Алматы технология университетінің инжиниринг және ақпарат технологиялары факультетінің түлегі. 2008 жылы оның “Тауға саяхат” әңгімелер топтамасы Дулат Исабековтің алғысөзімен жарық көрді. 2011 жылы “Қырық бірінші өтіріктің соңы” туындысы үшін халықаралық “Дарабоз” әдеби байқауында ынталандыру сыйлығын, 2015 жылы “Саяқ” әңгімесі үшін жүлделі 2-орын алды. Шара аясында Азия Мәдениетін Зерттеу Институтының жанындағы театр «Жыл қалай басталады» ертегісін сахналап, балаларға кітаптар мен сыйлықтар таратады. Іс-шараға Дулат Исабеков, Зейнеп Ахметова, Корей Республикасының Қазақстандағы бас консулы Джон Сын Мин және БАҚ өкілдері қатысады.

Серіктес жаңалықтары