270
Ұрланған көлікті шекара асырмақ болды
Ұрланған көлікті шекара асырмақ болды
Өткен түнде Сарыағаш шекара отрядының «Қапланбек авто» бөлімшесінде шекарашылардың Өзбекстанға қарай өтпек болған «Тойота Rav 4» автокөлігін тексеруі барысында, оның Ресей Федерациясында іздеуде тұрған автокөлік екендігін анықталды. Жүргізушісі 1976 жылғы Тәжікстан азаматы ұсталып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Бұл кешкі сағат 21.30-дар шамасында болған оқиға еді.
Арада екіжарым сағат өткенде дәл осындай, Өзбекстанға қарай бет алған тағы бір «Тойота Rav 4» автокөлігі тексеру орнына кірді. Бұл да Ресей аумағынан үшті-күйлі жоғалған автокөлік екен. Оның жүргізушісі, 40 жастағы ресейлік те ұсталып полиция қызметкерлеріне тапсырылды