Еурокомиссияны әйел басқаратын болды

Еурокомиссияны әйел басқаратын болды

Еурокомиссияны әйел басқаратын болды
ашық дереккөзі
326
Еуропа парламенті сейсенбі күні дауыс беріп, Германияның қорғаныс министрі Урсула фон дер Ляйенді Еурокомиссияның төрағасы етіп тағайындады. Еуропа парламентіндегі 383 депутат Урсула фон дер Ляйеннің кандидатурасын қолдап дауыс берсе, 327 депутат қарсы болды. 22-сі қалыс қалды. Ол 1 қарашадан бастап Еуропа комиссиясының қазіргі төрағасы Жан-Клод Юнкердің орнын басады. Сөйтіп Еуропа одағы атқарушы жоғары билік органының басшылығына тағайындалған бірінші әйел атанады. Айта кетейік, Урсула фон дер Ляйен ЕО саммитінің қорытындысы бойынша Еурокомиссияны 2019-2024 жылдар аралығында басқарады.

Серіктес жаңалықтары