335
Мұхтар Тайжан: Ұлттық қоғамдық кеңес шынайы диалог алаңына айналады
Мұхтар Тайжан: Ұлттық қоғамдық кеңес шынайы диалог алаңына айналады
«Өз басым бұрыннан айтып келе жатырмын. Билік пен қоғам арасында диалог құратын жүйе болу керек. Сондықтан, биліктің нақты осы қадамын қолдаймын. Мұндай тұрақты түрде жұмыс істейтін жиын бәрімізге қажетті деп білемін. Біздің Қазақстанымыз болашақта өркениетті, құқықтық, демократиялық, шынайы нарықтық мемлекетке айналуы керек. Бұл кеңеске кірудегі өзімнің мақсатым осы. Біз келешек ұрпаққа өте өркениетті мемлекетті қалдырып кетуіміз қажет. Осы кеңес сол басты мақсатымызға нақты қадам болады деп үміттенемін. Сондықтан өз басым кеңестің жұмысына атсалысуға дайынмын», - деген саясаткер кеңестің жұмысы ашық болатынына сенім білдірді.
«Біздің жұмысымыз міндетті түрде ашық болады. Өз мақсатымызды өзгертпейміз. Бірте-бірте ортақ мақсатқа жетеміз деген үміт бар. Ең бастысы, кеңестің жұмысында ешқандай шеңбер жоқ. Ел өмірін жақсартуға қатысты шаруалардың бәрін қамтитын болады», - деді Мұхтар Тайжан.