1011
100 мың теңгені кім алады?
100 мың теңгені кім алады?
Үкіметтен қолдауға берілетін қаржыны қай ауылдар алатыны белгіленді. Атап айтқанда, аталған өтемақы қаржысы Арыс қаласы мен іргесіндегі үш ауылдың тұрғындарына беріледі.
Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 100 мың теңге өтемақы беру бойынша түрлі сауалдар туындауда. Тарқатып айтар бол-сақ, аталған қаржыға байланысты көрші елдімекен тұрғындарынан да сұрақтар келіп түсуде. Алайда Үкімет бекіткен тізім бойынша өтемақы беріледі. Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақдала ауылдық округінде – 4 324 адам, Қожатоғай ауылдық округі бойынша – 4 232 адам, Дермене ауылдық округінде – 2 052 адам. Жалпы, бірінші кезек-те 55 602 тұрғынға 100 мың теңгеден 5,6 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Өтемақы төлеуге Үкімет резерві есебінен 3 млрд теңге, облыстық бюджеттен 1 млрд теңге және арнайы құрылған «Түркістан» әлеуметтік қорына түскен қаржыдан 1,6 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде. Жергілікті тұрғындардан құжаттарды қысқа мерзімде жинауға Арыс қаласындағы 17 секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуға өтініштер жинақтауда.
«Түркістан-ақпарат»