Аружан Саин жаңа қызметке тағайындалды

Аружан Саин жаңа қызметке тағайындалды

Аружан Саин жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
304
Мемлекет басшысының Өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. «Белгілі қоғам қайраткері Аружан Сайынды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындадым. Жемісті жұмыс атқарады деп сенемін. Сенатор Сәуле Айтпаеваға осы лауазымдағы жұмысы үшін ризашылық білдіремін», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында. Аружан Саин 1976 жылы 10 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің география факультетін бітірген. Еңбек жолы: Хабар телеарнасындағы күнделікті «Разминка» бағдарламасының тележүргізүшісі (1993 жылдан бастап); «Дәмді және тез», ары қарай «Жұлдызды меню» кулинарлық бағдарламаларының тележүргізушісі (1994-1999); «Еркемай» бүлдіршін ойын бағдарламасының тележүргізушісі (1994-2000); «Ел Арна» телеарнасындағы «Ана мектебі» танымдық бағдарламасының тележүргізушісі (2006 жылдан бастап); «Сабырлық, тек сабырлық» ток-шоуының тележүргізушісі (2010 жылдан бастап); «Бүлдіршіндерге Өмір сыйла» бағдарламасының жүргізушісі (2011 жылдан бастап). 2009 жылы «Мүгедектерге қамқорлық жасағаны үшін» аталымы бойынша «Алтын жүрек» («Золотое сердце») сыйлығына ұсынылған. «Халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты.

Серіктес жаңалықтары