Асық спорты жандануда

Асық спорты жандануда

Асық спорты жандануда
ашық дереккөзі
421
Қызылордада асық спорты дамып келеді. Жергілікті жастар ұлттық спорт түрінен жоғары табыстарға қол жеткізіп жүр. Сыр өңірінде асық атудан түрлі деңгейдегі турнирлер 2015 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Ол ұлттық құндылықтарды жаңғырту бағытында қолға алынған. Дәстүрлі шараны Қызылорда облыстық «Асық ату» қоғамдық бірлестігі тұрақты түрде өткізуде. «Қостанай қаласында өткен халықаралық турнирде біздің жастар жоғары орындардан көрінді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған. Біздің бірлестік осы мақсатта ұлттық спорт түрі асық ойынының қалалық, облыстық және республикалық турнирлерін өткізіп келеді.Жастарымыз сол жарыстарда шыңдалды. Қостанайдағы жарыста жоғары жетістікке жетуіміздің бір нәтижесі осында жатыр», - деді Қызылорда облыстық «Асық ату» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандос Базартай. Халықаралық турнирге Қызылорда облысынан асық ату спортынан жергілікті бапкер Р. Наукеев бастаған үш спортшы қатысты. Сыр спортшылары турнирде жалпы командалық есепте үздік үштіктен көрінді.

Серіктес жаңалықтары